18.11.2016
Бағдарлама шарттары бойынша қарызға алынатын қаражат инновациялар саласындағы бизнес идеяларын іске асыруға, сондай-ақ айналым қаражатын толтыруға бағытталуы мүмкін. Бөлінген соманың төрттен бір бөлігі стартап-жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады, деп хабарлады кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
«Даму» қорының бас менеджері Зарина Карменова атап өткендей, кәсіпкерлер олардың қызметі инновациялық қызмет критерийлеріне сәйкес келген жағдайда несие ала алады.
Кәсіпкер несие алуы үшін банктің жобаны қаржыландыру туралы мақұлдауын алуы қажет. Осыдан кейін, банк мақұлданған жобалар тізімін қала әкімдігіне ұсынады. Оң шешім қабылданған жағдайда кәсіпкер шартқа қол қояды.