• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысында  5 жыл ішінде 12,6 млрд теңге инвестиция тартылды 08.11.2016

Соңғы 5 жылда өңірге  салынған инвестициялар 12,6 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Оның 36% немесе 4,7 млрд. АҚШ доллары шетелдік инвестициялардың үлесіне тиесілі. 5 жылдың қорытындысына сәйкес шетелдік инвестициялар тарту бойынша елімізде Ақтөбе облысы  Атыраудан кейін екінші орынды иеленді. Яғни Астана және Алматы қалаларын басып озды.

Өңірдің негізгі инвесторлары Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия және басқалары.

“Бүгінде облыста шетелдік капиталдың қаржыландыруымен 700-ден астам кәсіпорынның жұмысы қарқынды. Олар CNPS мұнай және газ корпорациясы, Еуразиялық топ (ERG), Орыс мыс компаниясы, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Түркия және басқа да инвесторлар. Бұл біздің  инвесторлар үшін барлық жағдайдың жасалып жатқандығының дәлелі мен  олардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі” – деді, Дархан Ермағамбетов.

Айта кетейік үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «AKTOBE INVEST-2016» IV халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форум аясында инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында 152,4 млн. АҚШ доллары сомасына 14 меморандумға және 2 шартқа қол қойылған болатын.


Back to the list