12.10.2016
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 13213,6 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 2% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,6%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,2% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 4,4%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 4,8% төмендеді.
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2501 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 4,9% артты.
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104%-ды құрды.
2016 жылғы қаңтар-қыркүйек жүк айналымының көлемі 372,4 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) немесе 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке 100,2% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 194 млрд. жкм құрап және 3,2% артты.