• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жамбыл облысында   минералды тыңайтқыштарды өндіретін жаңа кешен салынады 06.10.2016

Меморандумға сәйкес ЕуроХим минералды тыңайтқыштарды өндіретін жаңа кешен құрылысына, сондай-ақ, жергілікті әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция құятын болады, деп хабарлады облыс әкімдігі.  

Аталған кешен компанияның Жамбыл облысындағы фосфорит кенін шығаратын өндірісінің жанында орналасады. Өз кезегінде Қазақстан билігі ЕуроХим өз жобасын кідіріссіз жүзеге асыруы үшін оңтайлы құқықтық және бизнес ортаны қамтамасыз етпек. Осыған орай «ЕуроХим» бас директоры Дмитрий Стрежнев келесідей түсініктеме берді: «Меморандумға қол қою біздің стратегиялық жобаларымыздың бірін жүзеге асыру жолындағы маңызды әрі бірізді қадам болып табылады.

Қызметімізге қолдау көрсетіп отырғаны үшін Қазақстан билігіне алғысымызды білдіреміз, және де арадағы ынтымақтастығымызды нығайтуға біз қашанда қуаныштымыз. Бүгінгі іс-шара жобамызды жүзеге асыру жөнінде, сондай-ақ, аймақтың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жақсарту жөнінде біз өз міндеттемелерімізді орындауды жалғастырып, мемлекеттік-жеке әріптестіктің ауқымын кеңейтіп жатқанымызды айғақтайды». ЕуроХим - 2013 жылдан бастап Жамбыл облысында фосфорит кенін өндіру және минералды тыңайтқыштарды шығару бойынша жобасын жүзеге асырып келе жатқан Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі.

Биылғы жылдың басында жобаның бірінші кезеңі табысты аяқталып, қазір ол жылына 640 мың тонна фосфорит кенін өндіре алатын жобалық қуаттылығына жетіп отыр. Сондай-ақ, ЕуроХим аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестиция құюды жалғастырып келеді және де қазірдің өзінде осы мақсатқа 18 млн. АҚШ долларын бағыттаған.

Жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңінде ЕуроХим жылына өндірілетін фосфорит кенінің көлемін 1,5 млн. тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр, бұл компанияның аймақта минералды тыңайтқыштарды өндіретін кешенді салу бойынша жоспарымен байланысты.

Аталған кешеннің өндірістік қуаттылығы негізгі өнім түрлері бойынша (калий сульфаты және дикальцийфосфат) жылына 1 млн. тоннадан аспақ, сондай-ақ, ілеспелі өнімдер бойынша жылына шамамен 1 млн. тоннаны құрамақ. EuroChem Group AG «ЕуроХим» негізінен азоттық және фосфорлық тыңайтқыштарды, сондай-ақ, органикалық жолмен синтезделген өнімдерді және темір кенін өндіретін әлемдегі жетекші агрохимиялық компания болып табылады.

Топ құрылымы тігінен ықпалдастырылған және оның қызмет шеңберіне пайдалы қазбалар мен көмірсутекті өндіруден бастап, тыңайтқышарды өндіру, логистикасы және дистрибуциясына дейінгі қызмет түрлері кіреді.

Қазіргі таңда Топ «ЕуроХим-ВолгаКалий» және Усол калий комбинаты жобалары шеңберінде Ресейдегі екі ірі калий тұзы кенорнын игеруде. Топтың бас кеңсесі Швейцариядағы Цуг қаласында, ал өндірістік кәсіпорындары мен дистрибуция желісі Бельгия, Қытай, Қазақстан, Литва, АҚШ және Ресейде орналасқан.
Компанияның қызметкерлер саны бүкіл әлем бойынша 23 400 адамнан асады.


Back to the list