• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Ресей  4 млрд доллардың 27 инвестициялық жобасын жүзеге асыруға дайын 04.10.2016

Кездесу аясында  министрлер Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы мен интеграциялық үрдістерін  тереңдету  тұрақтылығын атап өтті.

«Сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтатын хатаммаға қол қойылды.  Жоспарда 45 шара бар.  2017 жылы тауар айналымын  700 млн долларға жеткізуді күтіп отырмыз, болашақта  дағдарысқа дейінгі деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,  4 млрд доллардың 27 инвестициялық  жобасын жүзеге асыру қарастырылған. Бұл машина жасау, метталлургия, ауыл шаруашылығы жобалары. Бұл келісімдер 2017 жылы басталады», - деді Қ.Бишімбаев.

Ведомство басшысы атап өткендей, тауар айналымы  соңғы жылдары айтарлықтай төмендеп кеткен.

«Біздің өзара сауда айналымымыз  2014 жылмен салыстырғанда  25 пайызға құлады, бұл әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты болып отыр. Тауар өндірушілеріміз  ол жаққа шыға алмай отыр, себебі Ресейде де тұтынушылық сұраныс азайып отыр. Жалпы, экономика тауарларды аз тұтына бастады. Көптеген мәселе сауда кедергісіне ғана емес, ортақ экономикалық мәселеге байланысты», - деді ол.

Министр айтып өткендей, қосарлы салық салу механизмін, көлік пен  қазақстандық тауарлардың логистикасын   жетілдіру қажет,

Айта кетейік, Астанада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы өтеді. Форумға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысады.Форум аясында іскерлік кеңес өтіп, жалпы құны 25 млрд долларлық келісімдерге қол қойылады деген жоспар бар. Басқосуға Forbes және Global-2000 тізімдеріне енетін ірі компаниялардың жетекшілері шақырылған. Жалпы, қазір екі ел капиталының қатысуымен 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.


Back to the list