07.02.2015
«Ақмола Медиа Орталығы» хабарлағандай, алғашқы инвестицияның сомасы - 90 млн теңгені құрады, болашақта тағы 400,0 млн теңгеге дейін инвестиция құю көзделген. Құрылыс барысында ауылдың 70 тұрғыны жұмысқа орналастырылды. Ал, оның барысын Ираннан келген инженер мамандар басқарады. Бұл жоба «Агро Нұр Азия»ЖШС осымен жетінші жобасы.
Аталып өткендей, жақында жаңа техника келеді. Ол Каспий теңізі арқылы Иранға бидайды тасымалдау үшін екі жүк өткелін сатып алды. Ағымдағы жылдан бастап егін жинау көзделуде. Негізі шетелдік инвесторларды аймақтағы бидайдың сапасы қызықтырды.
«Айта кетерлік жайт, жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар жалғасады. Біз алдымызға жақсы имидж қалыптастыру мақсатын қойып отырмыз», - деп атап өтті Жарқайын ауданының әкімі Асқарбек Өсімбаев.