• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысының  КП өңірлік экономикаға инвестиция тарту мақсатында Челябі облысына барды 04.02.2015

«Сапардың басты мақсаты – Ақмола облысының экономикасы мен инфрақұрылымына инвестиция тарту, сауда-экономикалық байланыстың кеңеюі, өңірлер арасында серіктестік қарым-қатынас орнату», - деді Өңірлік палатаның директоры Уәлихан Ғабдуллин.

Өз кезегінде Оңтүстік Орал сауда-өндірістік палатасының вице-президенті Игорь Аристов Ресейді оның ішінде Челябі облысын Қазақстанмен экономикалық және тарихи қатынастар байланыстыратындығын айтты.

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі біздің қызығушылығымызды тудырады,Ақмола облысының ӨКП-нен  үйренеріміз баршылық, бұл шара біздің елдер арасында  серіктестіктің дамуына қосымша екпін береді», - деді ол.

Кездесу барысында екі аймақтың инвестициялық  мүмкіндігі таныстырылды, оған қоса, іскерлік форумның қатысушылары шағын және орта бизнестіің дамуына қолдау көрсетудің өзекті мәселелерін талқылады.

«Меніңше, Ақмола облысының бірқатар салалары қаржылық көмекке сүйеніп, қосымша инвестициялау алаңына айналуына толық мүмкіндік бар. Ал, Әлеуеттік мүмкіндіктер аймақ экономикасында  «жаңа өсім» тудыруы керек», - деді «Жаңа Көкшетау» ЖШС директоры, ақмолалық делегаттың жетекшісі Рүстем Жанғұнақов.

Ақпан айының соңында Оңтүстік Орал өңірінің өкілдері Ақмола облысына  келуді жоспарлап отыр. Сарапшылар біздің нарықты зерттеуге мүдделі. 


Back to the list