02.02.2015
ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, облыстық әкімдікте вице-премьерге Шығыс Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды.
Ресми бөлім басталғанға дейін қонаққа аймақтағы ірі өндірістік алпауыттардың инвестициялық жобалары таныстырылды. Атап айтар болсақ, Қазцинк, СемАЗ, Шығысмашзауыт және т.б. Содан соң, ШҚО-ның өндірістік кәсіпорындарының қатысуымен мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес өткізілді.
«Қазақстандық қамтамасыз етудің үлесін арттыру керек. Бүгін ШҚО әкімдігі мен бірқатар ұлттық компаниялар арасында келісімдер мен меморандумдарға қол қойылады, олар нақты тауар көлемін осы аймақтан сатып алатын болады», - деді Б.Сағынтаев.
Хабарламада атап өтілгендей, келелі кеңесте ШҚО әкімдігі мен ұлттық компаниялар арасында қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету мақсатында меморандумдарға қол қойылады. Сондай-ақ, жұмыс орнын сақтап қалу және өндірістік процестерді тұрақтандыру мақсатында жұмыс беруші мен кәсіподақ және облыстық әкімдік ынтымақтастық туралы меморандумға отырады.