• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматының 204 компаниясы KAZNEX INVEST-тің қолдауымен 256,9 млн доллардың экспорттық келісімшартына қол қойды 31.01.2015

Хабарламада айтылғандай, 2010-2014 жылдары өңірдің 39 компаниясы компанияның 15 елде ұйымдастырған сауда миссияларына қатысып, 85 компания шет елдік маманданған көрмелерге ат салысқан. Тағы 44 компания шет елдік нарыққа ілгерілету бойынша жарнамалық-таныстырылымдық шараларға қатысты. Жалпы, Алматының 204 компаниясы мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланып, 256,9 млн АҚШ долларының келісімшартын құрған. Сонымен қатар осы уақыт аралығында Алматының 38 компаниясы 385,7 млн теңге көлеміндегі шығңындарын қайта өндіріп алған.

Алматының негізгі экспорттары автокөлік, мұнай-газ құрылғылары, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, текстиль өнімдері, ұн, макарон өнімдері, алкогольсіз сусындар мен кондитерлік өнімдер екені белгілі.

Кездесу барысында ұлттық агенттік басшылығы алматылықтарға мемлекеттің экспорттаушыларға көрсететін қолдау құралдары мен ҮИИД МБ туралы кеңінен баяндады. Экспорттаушылар агенттіктің қызмет көрсету құралдарымен қатар қаржылық қолдау тетіктеріне де қол жеткізе алатыны түсіндірілді.

Айта кету керек, отандық тауар өндірушілерді шет елдік нарықта ілгерілету мақсатында 2015 жылы агенттік Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Иран, Өзбекстан, Армения, Ресей мен Монғолияда сауда миссияларын ұйымдастырмақ. 


Back to the list