16.01.2015
«ҚазАгроҚаржы» АҚ жеңілдікті талаптарда қаржыландыру ұсына отырып, осындай фермаларды құруға ынталандырады. Қазіргі заман талабына сай қазақстандық ТСФ бірі – Алматы облысындағы «Медеу коммерц» ЖШС. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 3 602 млн. теңге құрайды. Оның ішіндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ салған қаражаты 2 995 млн. теңге (83%), қарыз алушының меншікті өз қаражаты - 607 млн. теңге (17%). Жоба бойынша лизингке голштино-фриз тұқымының 780 бас ІҚМ, мал ұстауға және сүтті қайта өңдеуге арналған технологиялық жабдық сатылып алынған, бұзау қорасымен бірге сиыр қоралар мен көмекші қора-жайлар тұрғызылған, сондай-ақ жемшөп өндірісіне керекті ауыл шаруашылығы техникасы сатылып алынған.
«Медеу коммерц» ЖШС келесідей мемлекеттік қолдау шараларын алды: асыл тұқымды аналық малдар ұстауды, жемшөп қоспалары мен ветеринариялық дәрі-дәрімектерді субсидиялау бойынша;құрама жемдер мен сүтті субсидиялау бойынша; жемшөп өндірісін субсидиялау бойынша; инвестициялық субсидиялар; тамақ өнеркәсібінің қайта өңдеу кәсіпорындары үшін салық жеңілдіктері (пұрсаттылықтар).
Қазіргі сәтте ТСФ 2013 жылдың желтоқсан айында әкелінген 200 бас малдан тұратын бірінші партиясынан сүт алуда. 2014 жылдың желтоқсан айында келіп жеткен 580 бас малдан тұратын екінші партиясы биылғы жыл ішінде бірқалыпты бұзаулай бастайды. Малдарды ІҚМ ұстау саласындағы жоғары білікті мамандар Голландия және Канада мамандарының берген кеңестері бойынша бағып күтеді. «Медеу Коммерц» ЖШС-де сүт өндірісінің аяқталған циклі құрылған: фермадан басқа, мұнда алаңы 2000 га жемшөп алқабы мен сүтті қайта өңдеу цехы бар.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ тауарлы сүт өндірісі саласында барлығы жалпы сомасы 38 млрд. артық теңгеге 33 жобаны мақұлдады, оның ішіндегі компанияның қаржыландыру үлесі 27 жарым млрд. теңгені құрайды. Тауарлы-сүт фермаларының жиынтық жобалық қуаты шамамен жылына 150 мың тонна сүт.
Жалпы, бүгінгі күні «ҚазАгро» Ұлттық холдингімен 39 млрд.теңгеден астам сомаға сүт тауарлы фермаларды құру бойынша 34 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Олардың жиынтық өндірістік қуаттылығы жылына 158,9 мың тонна сүт және сүт өнімдерін құрайды. Осы тұрғыда 1,1 мың жұмыс орындарын құру көзделген. Қазіргі уақытта жалпы құны 34,4 млрд.теңге сомасына 27 жоба іске қосылды, оның өндірістік қуаттылығы 146,7 мың тонна сүт пен сүт өнімдерін құрайды.
Бұдан бөлек сүт тауарлы фермаларды дамытуды қолдау мақсатында және ҚР АШМ сүт шаруашылығын дамыту бойынша мастер-жоспарларына сәйкес республикада 200 бас ІҚМ арналған ірі СТФ және 50 мен 100 бас ІҚМ арналған шағын СТФ құру жоспарланған. «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2014 жылдың қыркүйегінде 50 және 100 бас ІҚМ арналған шағын СТФ дамытуға несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Осыған орай «Ырыс» бағдарламасының шарттары жасалып, бекітілді. 2014 жылы осы бағдарлама арқылы 1 034,5 млн. теңге сомасына 26 жоба қаржыландырылды, берілген қаражат арқылы 224 адам жұмыспен қамтылды. Бұдан бөлек 2015 жылы 2 850,0 млн.теңгеге 80 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.
Облыстың АӨК субъектілерін қолдауға «ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрамындағы компаниялармен 2014 жылы 1744,3 млн.теңгеге 15 несиелік серіктестер қаржыландырылды, 2383,8 млн.теңге сомасына 860 шағын несиелер берілді.