• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
АӨК субъектілерін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражаттың 100% игерілді 02.01.2015

«Бұл - бағдарлама бойынша қарастырылған қаражаттың 100%.  Бағдарламаға еліміздің барлық облыстары мен Астана қаласының инвесторлары – АӨК субъектілері қатысты.Барлығы АӨК салаларындағы 1 146 жоба бойынша субсидия төлеу мақұлданған. Жобалар 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған», - делінген хабарламада.  

Мақұлданған өтінімдердің неғұрлым көп саны мынадай бағыттарға тиесілі: «Ірі қара малдың тауарлы фермаларын кеңейту және техникалық жарақтау» - 405 өтінім; «Етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және шошқа шаруашылығы бойынша шаруашылықтар құру және кеңейту» - 330 өтінім; «Сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту» - 112 өтінім.

Бұдан басқа, «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу» бойынша  - 101 өтінім; «Суару жүйелерін құру және кеңейту» бойынша - 80 өтінім мақұлданған.

Ал, субсидиялардың неғұрлым көп бөлігі «Суару жүйелерін құру және кеңейту» бойынша - 2,5 млрд. теңге төленді.

Еске сала кетсек, инвестициялық субсидиялау елімізде биыл алғаш рет «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

 «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрамындағы «Қазагромаркетинг» АҚ инвестициялық субсидиялау бағдарламасының операторы болып табылады және инвесторлардан бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер қабылдайды.

Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық субсидиялар төленеді. Инвестициялық субсидиялар инвесторлардың Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге, оның ішінде техника мен жабдықтар сатып алуға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтейді.

Инвестициялық субсидиялар инвестициялық жобаны іске асыруға кеткен шығындардың 20-дан 80%-ға дейінгі үлесін өтеуге бағытталған.


Back to the list