22.12.2014
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ҚХР - ға ресми сапарының қорытындысына сәйкес Ляньюньган теңіз портында (ҚХР) логистикалық терминалдың құрылысын жүргізу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 17 тамызындағы тапсырмасына орай жоба жүзеге асырылуда.
Терминал құрылысының негізгі мақсаты Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Австралия мен Канадаға қазақстандық жүкті жеткізу және олардан алып келу болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 7 қыркүйегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті және Ляньюньган қалалық компартиясы Халық үкіметінің хатшысы Ли Цяньмен Ляньюньган теңіз портындағы логистикалық терминал құрылысының жобасы бойынша ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды.
Министрліктің хабарлауынша, «Қазақсан Темір Жолы» АҚ Президентінің 2014 жылдың 27 ақпанындағы ҚХР-ға барған жұмыс сапары барысында аталмыш Келісімді іске асыру мақсатында логистикалық терминал құрылысына арналған «KTZ Express» АҚ мен Ляньюньган порты арасында бірлескен кәсіпорын құру Қаулысы мен Құрылтайшылық келісіміне қол қойылды.
Сонымен қатар, «ҚазАТК» АҚ «Үшінші темір жол жобалау-іздестіру институты» тобы ААҚ консорциумында логистикалық терминал құрылысы техникалық-экономикалық негізі дайындалды. 2014 жылдың 17 наурызында қытай тарабынан жобаның техникалық-экономикалық негізіне бағалау сараптамасының қорытындысы алынды.
Ал, 2014 жылдың 20 наурызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ ТЭН қабылдау актісіне қол қойды. Инвестицияның жалпы көлемі 18,4 млрд теңгені құрап, соның ішінде 6,2 млрд теңге «Қазақстан Темір Жолы» АҚ қаражаты болса, 6,5 млрд теңгесі әріптес қаражаты, ал 5,7 млрд теңге ҚХР-дағы екінші деңгейлі банктердің берген несиесі.
Сонымен, 2014 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен Ляньюньган теңіз порты логистикалық терминалы құрылысының бірінші кезегінің ашылу салтанатына қатысты.
Ведомстводан толықтырып өткендей, 2014 жылдың 24 маусымында бірлескен кәсіпорын «Ляньюньган қаласы қытайлық-қазақстандық логистикалық компания» ААҚ тіркелді.
Индира Кауметова