• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан аумағындағы жаңартылмалы энергия көздерінің 29 жобасына инвестиция салынады 22.12.2014

Бүгінгі таңда «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ еншілес қаржыландыру жүйесін дамыту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ведомствоның хабарлауынша, аталмыш бағыттағы жұмыстардың бірі ретінде ICD дамыту бойынша Исламдық корпорациясымен бірлескен «Жаңартылмалы энергия көздерінің Орта Азиялық қоры» еншілес қорын құру болып табылады.

«Аталмыш қордың алғашқы құйылған капиталы 50 млн доллар шамасында. Агенттіктің өзінің салымы 15 млн доллар болғандықтан, оның үлесі 30 пайыз көлемінде болады», - делінген хабарламада.

Инвестиция салынатын салалар Қазақстан Республикасы аумағында жаңартылмалы энергия көздері жобалары, соның ішінде күн электр станциялары, жел электр станциялары, шағын СЭС мен биогазды құрылғылар болып табылады.

Министрліктің хабарлауынша, технологияны трансферттеудің 5 халықаралық орталығының қолдауымен, АҚШ, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Қытай, Норвегия мен Франциямен бірлесіп 22 халықаралық жоба іске асырылуда. Сонымен қатар 29 жоба қазіргі таңда дайындалып жатыр.

Индира Қауметова


Back to the list