• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің инвестқоржынында 7,9 млрд теңгенің жобалары бар 22.12.2014

«Бүгінгі таңда Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің инвестициялық қоржынында жұмыс істеп отырған 16 қор және инвестициялық жобалар бар, олардың жалпы сомасы 7,9 млрд теңге. Атап айтар болсақ, 2,9 млрд  теңгенің 9 инвестициялық жобасы,  1,6 млрд  теңгенің 3 отандық еншілес қоры, 3,4 млрд теңгенің 4 шетелдік еншілес қоры», - деп хабарлады ведомство.

Айта кетерлік жайт,  «Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ 2003 жылдан бастап үлестік бақыланбайтын қатысу арқылы тікелей жобалық қаржыландыруды жүзеге асырып келеді.

Сонымен, ведомствода 220 өтініш қаралып, олардың 18 инновациялық жобасына инвестиция салынды, ал 9 жоба іске қосылды.

Осы ретте машинақұрылысы саласындағы компаниялардың жаңа өнім өндірісін игеру мәселесіне ерекше ден қойылды.

«Салалық құрылымдау бюросы (СҚБ) осы уақыт ішінде 419 құрылымдау техникалық құжатнамаcын жасақтап, 69 құжатнаманы сатып алды, бұл өз кезегінде кәсіпорындарға жаңа 198 өнімнің өндірісін игеруге мүмкіндік берді», - деп түсіндірілген хабарламада.

Жалпы, аймақтық техникалық парктер 2010 жылдан бастап жаңадан жұмыс бастаған 116 инновациялық кәсіпорынға жалпы сомасы 975 млн теңге болатын техникалық бизнес-инкубациялау қызметін көрсетті.


Back to the list