19.12.2014
«Экономиканың нақты секторына 217 млрд. теңгеден аса жұмсалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17,6%-ға көп», - делінген хабарламада.
Барлық инвестициялардың жартысынан көбі (147,1 млрд. теңге) өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды, мұндай инвестициялық әлеуеттің өсуіне кен өндіру өнеркәсібі , түсті металлургия және автомобильжасау ірі кәсіпорындары ықпал етті.
Едәуір қаражат облыстың көлік инфрақұрылымының дамуына – 23,3 млрд. теңге, тұрғын үй және өнеркәсіп құрылысына – 17,9 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылық техникалары мен асыл тұқымды мал сатып алуға – 12,4 млрд. теңге, сауда және туризмге – 12,4 млрд. теңге инвестицияландырылды.
Жалпы инвестиция көлемінің 52,3% -ын құрайтын қаржыландырудың негізгі көзі болып кәсіпорындардың меншікті қаражаты, республикалық бюджеттегі қаражат –15,8%, жергілікті бюджет – 5,5%, банктердің несиелері – 2,1%, басқада қарыз қаражаттары – 24,3% болып табылады.