19.12.2014
«2014 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 347,7 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 9,9% өсті», - делінген хабарламада.
2014 жылғы қаңтар-қарашада көтерме сауда көлемі 540,3 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 46,4% артты.
2014 жылғы қаңтар-қазанда облыс бойынша өзара сауда бойынша тауар айналымы 1067,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 14,4% аз, оның ішінде экспорт – 393 млн. АҚШ долларын (13,6% аз), импорт – 674,5 млн. АҚШ долларын құрады (14,8% аз).