• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда белсенді инвестициялық қызмет көрсеткені үшін 8 шетелдік инвестор марапатталды 18.12.2014

Салтанатты шара инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен өтті, сондай-ақ шараға шетел инвесторлары мен дипломатиялық өкілдері және қауымдастық пен ұйым өкілдері қатысты.

«Мен барлық шетелдік инвесторларға алғысымды білдіргім келеді, күрделі кезеңде бірінші бесжылдық аясында жобаларды жүзеге асыруға қолғабыс көрсетті. Инвесторлар Қазақстанға алғашқы технологиялар мен мамандарды дайындау әдістерін әкелді», - деді Ә.Исекешев.

Инвестициялық белсенділік үшін жапондық Shimadzu компаниясы, немістің Heidelberg Cement компаниясы, сондай-ақ, Астанадағы 4 бетон зауыты мен Metro Cash&Carry, австралиялық ORICA компаниясы және корейдің POSCO компаниялары марапатталды.

KAZNEX INVEST ақпараты бойынша, 2010 жылдан бастап Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне 15,9 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды. Бұл 5 жыл ішінде 2,5 есеге өсіп отыр.

«Қазақстан қазіргі таңда Дүниежүзілік банк пен экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен үлкен жұмыс жасауда, ол өз ахуалы мен заңнамасын жақсартуға бағытталған. Біз бірқатар жобаны ЭЫДҰ-мен бірігіп жасаудамыз», - деді министр.

Камила Амирова


Back to the list