• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
KAZNEX INVEST 2014 жылы 128 млн доллар инвестиция тартты 18.12.2014

«KAZNEX INVEST 2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 128 млн доллар 8 шетелдік инветиция тартты. Бүгінде инвесторлардың қатысуымен  771 млн доллардың 20 жобасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Bohmer Armaturen (Германия), IsoPlus (Германия), Tines (Польша), Water Future Systems (Германия), Funke Kunststoffe (Германия), Knauf (Германия), PSA Peugeot Citroen (Франция), Toyota Motor Corporation (Жапония), NYK Line (Жапония), Philips (Нидерланды) компанияларының қатысуымен 65,3 млн долларға 10 жоба табысты жүзеге асырылды»,- деп хабарлады Қ.Карманов.

Жалпы, 2011 мен 2014 жыл аралығында Қазақстанға 30 шетелдік инвесторлар 830 млн доллардан астам қаражатты инвестициялаймыз деп шешті.

«Бүгінде агенттікте 770 млн доллар астам қаражатқа  20-ға жуық инвестициялық жоба қаралу барысында»,- деп толықтырды басқарма төрағасының орынбасары.

Қ.Карманов атап өткендей, ұзақмерзімді табысты жүзеге асырылған жобалардың бірі - Toyota. Сонымен, KAZNEX INVEST инвесторларды тарту бойынша жұмыстарды жүргізіп, жергілікті серіктес - «СарыарқаАвтоӨндіріс» ЖШС тапты. Нәтижесінде аталмыш жоба үш жыл бойы жүзеге асырылып, ағымдағы жылы табысты іске қосылды.

Осындай табысты жобалардың бірі ретінде Knauf неміс компаниясының құрылыс материалдарын өндіру зауыты, PSA Peugeot Citroen  жеңіл және коммерциялық көліктерді құрастыру, BoehmerGmbH шар тәрізді крандарды өндіру зауыттарын атап өтсе болады.

Камила Амирова


Back to the list