• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда жылына қуаттылығы 7 млн тонна болатын  калиймен жер тыңайту кәсіпорындары салынады 17.12.2014

Астанада екіжақты келісімге инвестициялар мен даму министрі Ә.Исекешев пен «Kazakhstan Potash Corporation Limited» басқарма төрағасы Чен Кван, «Ситик констракшн» бас директоры Чень Сяоцзя және Қытай өндірістік банк вице-министрі Чжан Хунли қол қойды.

Құжат Қазақстанға ҚХР Мемкеңесінің Премьер-министрі Ли Кэцянның жұмыс сапары аясында келісілді. Инвестициялардың жалпы көлемі 3 млрд АҚШ долларын құрады. 2022 жылға дейін 5100 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Ақтөбе облысында бірінші кешеннің құрылысы 2015 жылдың екінші жартысында басталады. БҚО-да 2016 жылы.

Келіссөздер қорытындысы бойынша «KAZNEX INVEST» Қытайдың Cathay Industrial Biotechnology Co.LTD компаниясымен меморандумға отырды. 


Back to the list