• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Француз кәсіпкерлері тоғыз жыл ішінде Қазақстанға 8,3 млрд еуродан артық инвестиция құйды 05.12.2014

«Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2005-2014 жылдары француз кәсіпкерлері Қазақстанға 8,3 млрд еуродан артық инвестиция салған. Француз кәсіпкерлері Қазақстанға ауқымды жұмыс атқарып, сенімді стратегиялық әріптестік құрып, индустриялды жобаларда ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті», - дейді Ив-Луи Даррикарер.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шамамен  100 шақты француз компаниясы  ел экономикасының әлеуетіне үлкен сеніммен қарайды.

Сонымен қатар, биылғы жылдың тоғыз айы қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 5 млрд долларды құрады.

«20 жылдың экономикалық әріптестікте біз Қазақстандағы үлкен өзгерістерге куә болдық. Сіздердің елдеріңіз өзінің экономикалық қуаттылығын әбден дәлелдеді. Қазақстан өңірлік экономикаға тікелей ықпал ете алатын алып нарыққа ие болды. Бұл әлемдік экономикада үлкен рөл ойнайды», - дейді.

Өз кезегінде Қазақстанның инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық кәсіпкерліктердің француз нарығына шығуға деген құлшыныстарының жоғары екенін тілге тиек етті. Оның сөзіне сүйенсек, қазірдің өзінде тікұшақ, электровоз, радиоэлектроника құрастыру бойынша бірлескен жобалар іске асырылуда.

Камила Амирова


Back to the list