• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан мен Франция компаниялары 530 млн доллардың 15 келісімшартына қол қояды- ИДМ 05.12.2014

Астанада өткізілетін бұл шараға 250-ден астам делегат қатысады, олар – бизнесмендер, ұлттық компаниялардың, қаржы институтарының, үкіметтік емес сектордың және оқу орындарының өкілдері. 

Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық ынтымақтастығының бүгінгі күнгі негізгі бағыттары мұнай-газ, тау-кен, аэроғарыш салалары, атом өнеркәсібі, банк секторы және ауыл шаруашылығы болып табылады.

2014 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша екі елдің өзара тауар айналымы $4,7 млрд. болды. Экспортталатын негізгі тауарлар қатарында мұнай, металдар және химия өнімдері бар. Қазақстан өз кезегінде Франциядан өнеркәсіп жабдықтары, медикамент, косметика, автомобиль, тамақ өнімдері және ғарыш аппараттарын импорттайды.  

Франциядан Қазақстан Республикасының экономикасына тікелей түсетін инвестицияның жалпы ағыны кейінгі 9 жылда шамамен $10,8 млрд. болды. Ал француз капиталының қатысуымен жұмыс жасайтын Қазақстанда тіркелген компаниялардың саны 150-ге жетті. 


Back to the list