02.12.2014
«Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында біз 200 құрылыс жобасына 1,5 млрд доллар инвестицияладық. Барлығы алғашқы бесжылдықта 20 млрд доллар инвестицияланды»,- деп мәлімдеді А.Рау.
Жалпы, оның ақпарынша, құрылыс саласы өте жақсы динамика көрсетіп отыр. Ақшалай сипатта өндіріс көлемі 88 пайызға артты, нақты айтсақ, бір жарым есеге артты. Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ), еңбек өнімділігі де 1.5 есеге артты.
«Қазақстанда бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалардың арқасында алғашқы бесжылдықта цемент бойынша бір жарым есе қорымыз бар. Бұл ретте ағымдағы жылы 1 млн тоннадан артық тағы әкелінді. Біз 1,5 млн тонна металл құбырын импорттап жатырмыз. Сонымен қатар бізде бар металл құбырлары қуатының жартысы да игерілмей жатыр»,- деп толықтырды вице-министр.
Жалпы құрылыс саласы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады, және ЖІӨ-ге 6,1% деңгейінде кіріс келтіріп (2013), 660 мыңнан астам жұмыс орындарымен қамтып отыр.
Камила Амирова