24.11.2014
«21 қараша жағдайында жеке инвесторлардан құны 1,5 млрд теңгенің 4 мың өтініші түсті. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының азаматтары жалпы сомасы 4 мыңнан асатын 774 акция сатып алды», - дейді Е.Бахмутова.
«Азаматтар тарапынан түсіп жатқан өтініш орынды болса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бағытталады», - деді ол.
«Еліміздің батыс және орталық аймақтары аса белсенділік танытып отыр. Нақтырақ айтсақ, акцияларды сатып алған халықтың саны бойынша Ақтөбе облысы алда келеді, кейін Алматы және Астана қалаларында сатып алушылар көп. Төртінші орында Қарағанды облысы, бесінші орында Маңғыстау облысы тұр», - деді ол,.
Е.Бахмутова атап өткендей, «KEGOC» АҚ акцияларын сату 5 қазаннан 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Акция құны 505 теңгеге бекітілген.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, 2015 жылы «Халық IPO» «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының акцияларын шығару көзделіп отыр. 2016 жылы «Қазақстан Темір Жолы» мен «Қазатомөндіріс» АҚ акциялар топтамасы шығарылады.
Камила Амирова