24.11.2014
«Жақында Үкіметтің қаулысына Халықтық ІРО бағдарламасына акциялары шығарылатын компаниялардың тізімін нақтылау бойынша өзгерістер енгізілді. Келер жылы «Самұрық-Энерго»АҚ компаниясының акциясын шығару жоспарлануда, Сонымен қатар «KEGOC» компаниясы бойынша заңнамалық өзгерістер және тарифті нақтылау бойынша сәйкесінше өзгерістер енгізу қарастырылған. Тарифтік саясатсыз қомпанияның қызметінің нәтижесі туралы айту мүмкін емес, ал онсыз акцияны ІРО-ға шығару мүмкін емес»,- деді Е.Бахмутова.
«Самұрық-Қазына» басқарама төрағасының орынбасары хабарлағандай, бұл іс Үкімет деңгейінде қаралуда. «Жақын арада бұл бағыттағы жұмыстар аяқталады және компанияның акцияларын Халықтық ІРО-ға шығару бойынша келесі кезеңге көшуге мүмкін болады»,- деп толықтырды ол.
Оның үстіне 2016 жылы дайындығына байланысты «Қазақстан Темір Жолы» АҚ мен «Қазатомпром» АҚ компанияларының акциялары шығарылатын болады, деді Е.Бахмутова.
«Халықтық IPO» бағдарламасының мақсаты ҚР-ның азаматтарына ірі компаниялардың акцияларын сатып алуға мүмкіндік беру. Сонымен қатар олардың жинақтаған ақшаларын орналастыру бойынша жаңа құрал. Ұлттық компаниялардың акцияларын қор биржасына орналастыру ҚР-ның құнды қағаздар нарығын дамытуға септігін тигізеді»,- деп еске салды ұлттық компания басшысының орынбасары Сенатта.
Камила Амирова