• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Польша Қазақстанның темір жол саласына миллиард евро инвестициялауға мүдделі 21.11.2014

«Біз Қазақстанды  өз бизнесімізді тек осы елде ғана емес, Кедендік одақ елдерінде дамытуға мүмкіндік беретін ел ретінде қараймыз», - деді ол.

Польша компаниясының өкілі Қазақстанға инвестиция салу бойынша келіссөздер жүріп жатқандығын атап өтті.

«Инвестиция құны миллиард евроға жетуі мүмкін. Біздің білуімізше Қазақстан мен Астана өте қарқынды дамуда. Жедел трамвай, темір жолды дамыту, Алматыдағы трамвайды қалпына келтіру жобалары бар. Бүгінгі таңда польшалық жобаларды жүзеге асыру елдердің Үкіметі деңгейінде жүзеге асырылуда», - деді ол.

Өз кезегінде польша инвесторлары қазақстандық тараптың шетелдік инвесторларға ұсыныстарын назарда ұстап отыр.

«Инвестициялық тұрғыда Қазақстан біз үшін өте маңызды. Себебі біз 2,5 жыл бұрын Қазақстан үшін тұңғыш релсьті автобксты жеткізген едік. Қазір автобус Түркістан-Шымкент жолында жолаушы тасымалдауда», - деді ол.

Камила Амирова

Суретті түсірген Азамат Әлиев 


Back to the list