20.11.2014
Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 83,8 млрд.теңгенің мүлкін жария етуге 9751 өтініш берілді. Олардың ішінде 65,1 млрд. теңгенің 7 644 тұрғын үй нысаны, 18,4 млрд. теңгенің 4 849 тұрғын үй емес нысаныі, оның ішінде 9,6 млрд.теңгенің 856 коммерциялық нысаны, 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 13 қатысу үлесі, 0,8 млрд теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.
ҚР тысқары жердегі мүлікті жария етуге арналған өтініштер салық органдарына 2014 жылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша келіп түскен жоқ.
Мүлікті жария етуге арналған бұрынғыдай өтініштер саны бойынша Алматы облысы мен Алматы алда келе жатыр (3057 және 2235 тиісінше). Азаматтардың белсендігі бойынша үшінші орынды Ақтөбе облысы алды (991 өтініштер). Азаматтардың белсендігі бойынша соңғы орын Батыс Қазақстан облысында - акция басталғаннан бері мұнда жария етуге барлығы 67 өтініш келіп түсті.
ҚР ҰБ есебінің деректері бойынша 2014 жылдың 18 қарашасындағы жағдайға сәйкес екінші деңгейлі банктермен жалпы сомасы 4,6 млрд.теңге ақшаны жария етуге 22 жинақтаушы шоттар ашылды, оның ішінде бюджетке 293,8 млн.теңге ақшаны жария ету үшін алым төлей отырып, жинақтаушы шоттардан 2,7 млрд.теңге алынды. ҚР экономикасына 39,5 млн. теңге инвестицияланды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлікпен қаржыны жария ету бастарды, науған 2015 жылдың желтоқсанынна дейін жалғасады.