• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Нью-Йоркте Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды (ФОТО) 20.11.2014

Шараны ұйымдастырушы халықаралық қатынастар саласындағы «Council on Foreign Relations» ықпалды американдық ұйым мен Foreign Affairs атты басылымының қолдауымен ҚР Инвестиция және даму министрлігі «KAZNEX INVEST» Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегацияны ҚР инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев бастап барды. Делегация құрамына ұлттық компания, бірқатар облыс әкімдіктері, «Атырау» және «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК, «Астана – жаңа қала» ЕЭА, Astana Innovations пен өзге де жеке компания өкілдері кірді.

Хабарламада айтылғандай, аталмыш шара батыс елдерінде кеңінен қолданысқа ие форматта өтіп, дәлірек айтсақ, модератор мен панельді сессия қатысушыларының арасындағы интерактивті байланыс арқылы өтіп, онда негізінен аудитория сұрақтарына жауап берілді. «Пікірсайыс барысында вице-министр ҮИИД МБ бірінші бесжылдығы аясында атқарылған жұмыстармен таныстырды.


Back to the list