• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Маңғыстау облысының  инвестжобаларын Гонконг пен Таяу Шығыста  таныстырады 14.11.2014

«Жақын арада Маңғыстау облысын Гонконг пен Таяу Шығыста  таныстырмақшымыз. Әлеуетті инвесторлар мен кездесу барысында Қазақстандағы инвестициялық климаттың артықшылығы мен нақты инвестициялық жобаларды таныстырамыз. Өз кезегінде шетелдік инвесторлар облыстың ғана емес, бүтін бір мемлекеттің  әлеуетін жоғары бағалауда», - деді әкім.

А.Айдарбаев толықтырып өткендей, облыс басшылығы ағымдағы жылы Малайзия мен Оңтүстік Кореяға барып ірі  компаниялардың басшыларымен кездескен.

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 367,3 млрд теңгені құрады, 2013 жылмен салыстырғанда нақты баға индексі бойынша ол 20,1%-ға артық.

Осы ретте аймақтың республикалық инвестициядағы үлесі 8,4% құрады. Шетелдік инвестициялар үлесі 30,7% немесе 112,9 млрд теңгені көрсетті.

Камила Амирова


Back to the list