14.11.2014
«ҰТДА» АҚ-да ҚР Инвестиция және даму министрлігімен бірлескен жиында ҚР ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі міндеттерін анықтау мәселесі талқыланды. Аталмыш жұмыстарды атқарудағы мақсат – бизнес пен ғылым арасында ынтымақтастық құру, жұмыстарды коммерциялау, инновациялық саясатты түзету, оны бизнеске қарай ыңғайлау, сонымен қатар инновациялық қызметтерді мемлекеттің қолдау шаралары туралы халыққа ақпарат беру», - делінген хабарламада.
Шараға ғылым мен бизнес қауымдастықтар, ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік құрылымдар өкілдері қатысты.
«Ірі компаниялардың хабарлауынша, гранттық қаражаттың қазіргі элементтері, яғни 30 млн теңге өнеркәсіптік зерттеуге, 150 млн теңге технология сатып алуға бөлінеді», - дейді ҚР Инвестиция және даму министрлігі Технологиялық және даму департаменті директорының орынбасары Несіпгүл Есенбаева.
«ҰТДА» хабарлауынша, 2014 жылдың бірінші жартысында 350 ірі кәсіпорынмен техникалық тапсырмаларды анықтау жұмыстары жүргізілді. Индустрияландырудың екінші бесжылдығында салалық технологиялық міндеттемелерді бизнес, ғылыми орта мен мемлекеттің бірлесе отырып шешуі керек.
«ҰТДА» АҚ төрағасының орынбасары Жуматай Сәлімовтың айтуынша, инновациялық грант көлемі артып келеді – өнеркәсіптік зерттеу мен технология трансфертіне бөлінетін қаражат 800 млн теңгеге дейін артқан.
Сонымен қатар, Ұлттық технологиялық даму агенттігі салалық сарапшылармен бірлесіп шет елдердегі негізгі ұйымдарды сәйкестендірді.