13.11.2014
«Түркияда велосипед өндіретін «Salcano» және спорттық киім тігетін «Inka Sportif» атты ірі өндірушілер Қазақстанда велосипед фабрикасын ашуды жоспарлауда, сондай-ақ олар «Қазспортинвест» АҚ базасында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, спорттық киім мен жабдықтар тігетін фабрика ашуға дайын», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, 20 миллион АҚШ долларына дейін тікелей инвестиция тарта отырып, 2015 жылдың бірінші тоқсанында жоғарыда айтылған инвестициялық жобаларды іске асыруды бастау жөнінде келісімге келді.
Айта кетейік, «Қазспортинвест» АҚ Президенті Арнабол Бақыт Түркияның жастар ісі және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің бас директоры Мехмет Байканмен кездесті. Кездесу барысында инвестиция тарту және жаңа спорттық технология мен спорттық әкімшілік саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен спорттық іс-шаралар өткізу жөнінде екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.