12.11.2014
«Көкшетауда «KEGOC» АҚ өкілдері «Инвесторлар мүмкіндіктері мен тұтынушылар сенімі» атты таныстырылым жасап, брокерлік ұйым мен «Қазпошта» АҚ өкілдері Қазақстанның кез келген өңірінде «Халықтық IPO» аясында акция сатып алу тетіктерін түсіндірді», - делінген хабарламада.
Компанияның хабарлауынша, қатысушылар компания қызметімен жақыннан танысып, оның инвестициялық тартымдылық факторларына қанық болып, акция сатып алу әдістерін меңгерді.
«Бекітілген акция, тұрақтылықтың орнауы, «KEGOC» АҚ сенімділігі мен даму болашағы инвесторларға тек қана бизнестерін дамытуға емес, сонымен қатар Қазақстанның экономикасын арттыруға да қаражат салу мүмкіндігін ұсынады», - дейді «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.