11.11.2014
«KEGOC» АҚ өкілі – Басқарма Төрағасының орынбасары – Жаңабай Бексары: «Инвесторлар үшін мүмкіндік, тұтынушылар үшін сенімділік» тақырыбындағы таныстырылыммен сөз сөйлейді, ал брокерлік ұйымдар мен «Қазпочта» АҚ өкілдері Қазақстанның кез-келген өңірінде компания акцияларына иелік етудің механизмдері туралы әңгімелейді. Таныстырылымға жергілікті мемлекетік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері, қоғам мүшелері, журналистер және Шымкент қаласындағы түрлі ұйымдардың қызметкерлері шақыртылды, деп хабарлады компания.
Роуд-шоуға сонымен қатар, потенциалды инвесторлар – Қазақстан азаматтары да қатысады. Роуд-шоуға қатыса отырып, KEGOC-тың қызметі мен инвестициялық тартымдылықтың факторларын жете түсінуге болады, сонымен қатар, акцияларға иелік ету процедурасымен танысуға болады.
«KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Қажиев Бақытжан айтқандай: - «Акциялардың орнатылған бағасы, «KEGOC» АҚ дамуының тұрақтылығы, кемел келешек, сенімділіктің үйлесуі инвесторлардың үлкен көлемді тобына тартымды бизнесті ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның жалпы экономикасының даму болашағын инвестциялауға қолайлы мүмкіндік жасайды».
Компанияның дивидендтік саясатына сәйкес, дивидендтерді төлеуге жұмсалатын сома сол жылғы таза кірістің немесе жылдың я жарты жылдың қорытындысынан 40%-нан кем болмауы тиіс екендігі потенциалды инвесторлар үшін маңызды факт болуы тиіс.
Компанияның Қазақстанды энергетикалық тәуелсіздікпен қамтамасыз ету және жұмыс сенімділігін арттыруға бағытталған 15 басым жобаларды жүзеге асыруды көздейтін 2025 жылға дейінгі «KEGOC» АҚ Ұзақ мерзімді даму стратегиясы түрінде болашаққа жоспарлаған айқын мақсаты бар.
KEGOC компаниясы «Халық IPO» бағдарламасына қатысып тұрған екінші компания. Алғашқы компания-эмитент болып акционерлер саны 34 мың қазақстандықты құраған «ҚазТрансОйл» компаниясы болып табылады. Компания басшылығының өкілдері мен потенциалды инвесторлардың кездесуі Қазақстанның 18 өңірінде өткізіледі.