10.11.2014
«Reg S/144A форматындағы осы еурооблигациялар 10.5 жылдық транш бойынша 4,875% жылдық купон ставкасымен, 30 жылдық транш бойынша 6.000% жылдық купон ставкасымен. Еурооблигацияларға BBB (Fitch) / BBB- (Standart&Poors) / Baa3 (Moody’s) рейтингтері берілді», - делінген хабарламада.
Еурооблигациялар Лондон қор биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылатын болады. Бірлескен жетекші менеджерлер мен халықаралық букраннерлер болып Citigroup Global Markets Limited, Credit Suisse Securities (Europe) Limited, Deutsche Bank AG (Лондон), UBS AG (Лондон) тағайындалды. Қазақстанды букраннерлер мен жетекші менеджерлер ретінде «Skybridge Invest» АҚ және «Kazkommerts Securities» АҚ болды.
Ұлттық компанияда хабарлағандай, осы шығарылым ТМД елдері ішіндегі 2014 жылғы Еурооблигациялардың ең үлкен корпоративтік шығарылымы болып табылады. Лондода, Мюнхенд, Бостонда, Нью- Йоркте және Лос-Анджелесте роуд-шоу өткізілгеннен кейін ҚМГ ҰК 300-ден астам институционалдық инвесторлар өтінім берді.