10.11.2014
«Бүгін Италияның компанияларының бірі бізде өндіріс ошағын ашқысы келетінін жеткізді. Ол Ақтаудың арнайы экономикалық аймағында құбыр зауыты болып табылады. Инвестиция сомасы - 40 млн доллар, бұл бірінші фаза. Сонымен қатар, 100-ге жуық жұмыс орны ашылады», - деді Е. Хаиров.
Ол хабарлағандай, құрылыс 2015 жылдың наурыз айында басталады, ал өндіріс 2016 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
Бұдан басқа, салалық комитет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Италияның трансұлттық компанияларында Италияда өтетін ЭКСПО-2015 пен Қазақстандағы ЭКСПО-2017 көрмесіне өзара бірдей қызығушылық бар. «Шетелдіктер алғашында келгенде тауар жеткізеді, кейіннен сұранысты байқап осында өндіріс ошақтарын ашады», - деп толықтырды Е. Хаиров.
Айта кетерлік жайт, итальяндық делегацияның құрамында 80-ге жуық компания бар, олар агроөндіріс кешені, жеңілөнеркәсіп, құрылыс индустриясы мен құрылыс инфрақұрылымы салаларының өкілдері.
Камила Амирова