10.11.2014
«Ақтөбеде өңір экономикасының нақты секторына инвестиция тартуға бағытталған II халықаралық «AKTOBE INVEST-2014» инвестициялық форумы өтті», - делінген хабарламада.
«Даму» қорының хабарлауынша, құны 400 млн теңгелік Ақтөбе облысы әкімдігі мен қор арасындағы меморандумға қол қойылды. Аталмыш қаражат өңірдегі жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталмақ.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында облыстың инвестициялық әлеуетінің көрмесі өтті. Аумақта 40 шақты жоба таныстырылды. Олардың жүзеге асырылуы шамамен 14,7 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Инвестицияның жалпы көлемі 4,9 млрд доллар көлемінде бағаланып отыр.