07.11.2014
«Жыл соңына дейін желтоқсанда - жем өндірісі мен мия тамырын өңдейдін фармацевтикалық кәсіпорын іске қосылады. Бұдан басқа 2014 жылдың аяғына дейін жалпы құны 2,5 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жобаны пайдалануға беру көзделген»,- деді әкім.
Айта кетерлік жайт, Қазақстанның Индустрияландыру картасы аясында Қызылорда облысында жалпы құны 185 млрд теңгенің 24 жобасы жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың IV тоқсанында 560 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 3,8 млрд теңгеге 3 жобаны іске қосу жоспарланған.
Нәтижесінде құрылыс барысында 3 мыңнан астам адам, пайдалануға берілгеннен кейін 2 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасады.
Осы ретте, аймақтың Индустрияландыру картасына енгізілген 28 жобаның жалпы құны 78,5 млрд теңге болатын 15 жобасы 2010-2014 жылдар аралығында іске қосылды.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамат Әлиев