04.11.2014
«Биыл компания тұрақтылығынан таймады. 2014 жылдың 6 айында «KEGOC» АҚ 588 млн теңге таза пайда тапты. Мемлекет басшысы тапсырмасын іске асыру аясында елдің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен жаңа ірі жобаларды жүзеге асыру үшін еңбектеніп жатырмыз. Күн тәртібінде қазір 15 ірі жобамыз бар. Біздің халықаралық қаржы институттармен бірлесе инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибеміз бар», - дейді.
Сонымен қатар, оның айтуынша, «KEGOK» АҚ Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесінің жүйелі операторы ретінде ұлттық энергетикалық желінің жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша тұрақты түрде тұтынушыларды мемлекеттің электр энергиясымен қамамасыз тапсырмасын сәтті жүзеге асырып келеді.
«Компания активінде 24,5 мың км электр линиясы бар. Ол 220 кВт-тық жоғары сыныпты электр қуаты. Сонымен қатар, 36,4 гигавольт ампер болатын 74 тірек станция бар. Елдің электр желілік бас компаниясы бола отырып біз желіні дамыта отырып тұтынушылардың тұрақты энергия алуын қамтамасыз етеміз», - дейді басқарма төрағасы.
Сонымен қатар, Б. Қажиеватың айтуынша, «KEGOK» АҚ инвестициялық тартымдылығының бірі 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру тәжірибесі болып табылады.
«Осынау жобаларды іске асыру үшін 1 млрд доллардан астам қаражат салынды. Ел экономикасы мен халықтың тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша бірқатар ірі жобаларды іске асырдық. Атап айтар болсақ олар Солтүстік-Оңтүстік транзит құрлысы. Біз ұлттық желі құрылысын да аяқтадық», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 31 қазандағы № 1156 Қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларын Қазақстандық қор биржасына орналастыру бағасы, саны мен құрылымы туралы шешімі мақұлданған болатын. «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мақұлданған шешіміне сай бірінші реттік орналастыру аясында «KEGOC» АҚ-ның 25 999 999 қарапайым акция салынады. Бір қарапайым акция құны 505 теңге. Акция сатып алу мерзімі 2014 жылдың 5 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығы.
Индира Қауметова