• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Бәйтерек» холдингі мен Павлодар облысының  әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қойды 03.11.2014

«Тараптар үш бағыт бойынша ынтымақтастыққа келісті: индустриялды-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мен тұрғын үй құрылысы, соның ішінде 2020 жылға дейінгі өңірді дамыту бағдарламасы аясында жүргізілетін құрылыстар бойынша», - делінген хабарламада.

Форумда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алина Алдамберген холдинг пен оның еншілес компаниялары қызметтерінің басым бағыттары туралы айтып, Павлодар облысы әкімдігімен бірлесе қолға алған жобаларын таныстырды.

«Павлодар облысы елдің ірі өнеркәсіптік өңірі болып табылады және холдингтің үлкен қызығушылығына ие. «Бәйтерек» отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жобаларды осында орындауға мүдделі. Атап айтар болсақ, холдингтің еншілес құрылымы Қазақстанның Даму Банкі жалпы құны 1 млрд теңгенің 3 инвестициялық жобасын қаржы бөлді. Атап айтар болсақ, олар каустикалық сода өндіретін «Каустик» ЖШС кәсіпорны, алюминий өндіретін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ мен жүк вагондарын өндіретін «Қазақстан вагон құрастыру зауыты» АҚ», - дейді Алина Алдамберген.

Оның айтуынша, 2013 жылы Павлодар облысының инновациялық белсенді кәсіпорындары үлесі 8,5%-ды құрап, республика бойынша бұл көрсеткіш 8 пайыз деңгейінде болды. Облыс шығарылған инновациялық өнім көлемі жағынан республика бойынша үшінші орында. Сонымен қатар «Даму» қорының мақұлданған жобалары бойынша облыс бірінші орында тұр. Мұнда жалпы құны 110 млрд теңгенің 451 жобасы субсидияланып, 1 млрд теңгеден астам қаражат 54 жобаға гарантия ретінде берілген. Ал 20 бастауыш кәсіпкер 60 млн теңгенің грантын алып отыр. Операторы «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі мен Қазақстандық ипотека компаниясы болып табылатын «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында халықты үймен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, «Ертіс инвест» инвестициялық жобасы аясында 2015 жылғы инвестициялық жобаларды іске асыру туралы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ мен Павлодар облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы жеке меморандум құрылды.


Back to the list