03.11.2014
«2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруды жүзеге асыру қорытындысы бойынша 292 өтінім бойынша 312,9 млрд теңгенің қарызы сауықтандырылды. 2023 жылға дейінгі несие бойынша төлем екі есеге азайды. Қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, 2,8 млрд теңге көлеміндегі айыппұл мен үстеме ақы жойылды», - дейді С.Омаров.
Осылайша, вице-министрдің айтуынша, АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасының негізгі көрсеткіштері орындалды.
«ҚазАгро» холдингі талап етілген сомада қаржы институттарын қосымша қорландыруды қолға алуға дайын отыр. Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылық министрлігімен 400 млрд теңгеге дейінгі АӨК субъектілерінің несиелік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру көлемін арттыру жұмыстары жүргізілуде», - дейді.
Алайда, оның айтуынша, тауар өндірушілер мен Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан көптеген АӨК субъектілерінің осынау бағдарламаның ары қарай жалғастырыла беруіне деген қызығушылықтың артып отырғаны туралы ақпарат тарауда. Себебі, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің көпшілігі бұл бағдараламаға қатысып үлгермеген екен.
«Өз кезегінде Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы мен қаржы институттары өкілдері 80 млрд теңгеден астам қарыз көлеміндегі АӨК субъектілерін сауықтыруға қосымша қажеттілікті мақұлдап отыр», - дейді вице-министр.
Камила Амирова