03.11.2014
«Қазіргі таңда «ҚазАгро» холдингі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру мақсатында 2 млрд теңге көлемінде еуробонд тартты. Негізгі қарыз ақшаны сауықтыру «ҚазАгро» холдингі қаржы институттарының қорландыруы есебінен жүзеге асырылады. Қаржылық сауықтырудың негізгі мақсаты төлем қабілеттілігін арттыру, несиелік ауыртпалықты азайту мен АӨК субъектілерінің банкроттық қатерлерін барынша төмендету», - дейді Сапархан Омаров.
Оның айтуынша, қарыздардың негізгі үлесі өсімдік шаруашылығына 84,6%, мал шаруашылығына 2,8%, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге 5%, өзге де қызметтерге 5,6% тиесілі.
Вице-министрдің айтуынша, бағдарламаға 17 қаржы институты қатысады. Өңірлік резервте АӨК субъектілерінің ең көбі солтүстік өңірлерде шоғырланған.
«Қаржылық сауықтыру аясында қарызды ұзарту мерзімін 9 жылға дейін, сонымен қатар сыйақы құны 7% және айыппұлды алып тастау қарастырылған. Жалпы, қаржылық сауықтыру процесіне қатысатын АӨК субъектілері қарызы бойынша жалпы соманың 2 есеге дейін азайтылуы жоспарланған. Сонымен қатар 25 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ», - дейді ол.
Қорыта айтар болсақ, несие мен қарыз бойынша жалпы қарыз коэффиценті 5 есеге азайды, деп мәлімдеді ауыл шаруашылық вице-министрі.
Камила Амирова