• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодар облысында ШОБ-ті қолдау үшін 200 млн теңге бөлінді 31.10.2014

«Кәсіпкерлік саласын қаржыландыру құны 200 млн теңге, оның ішінде 100 млн теңгесін облыс әкімдігі 100 млн теңгесін «Даму» қоры бөледі. Сондай-ақ, форум аясында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов пен басқарманың атқарушы директоры Мирас Бейсембаев шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасына қолдау көрсету туралы меморандумға қол қойды», - делінген хабарламада.

Қорда хабарлағандай, ынтымақтастық ШОБ кәсіпорындарын қаржыландыру бағытында жұмыс жасайтын болады. Оның ішінде ШОБ-ті несиелеу, ұйымдастырушылық-техникалық мәселелерді шешу сынды бағыттар да енеді.

Айта кетейік, форумның мақсаты Павлодар өңірінің инвестициялық және индустриялдық мүмкіндіктерін таныстыру, жаңа экономикалық міндеттерді қойып, аталмыш саланы дамыту.

 


Back to the list