• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚДБ Ақтөбедегі феррохром өндірісін кеңейтуге қаржы бөлді 31.10.2014

«Жоба құны 843 млн доллар. Соның 40 пайыздан астамын Даму банкі бөліп отыр. ҚДБ несиелік қаражаты мен Еуразиялық топ тартқан капитал жаңа технологиялар енгізу есебінен шығарылатын өнім көлемінің өзіндік құнын азайтып, жаңадан салынған ферроқорытпа зауытын пайдалануға беруге мүмкіндік береді. Жаңа ферроқорытпа зауытының қуаттылығы жылына 440 000 тонна жоғарыкөміртекті ферроқорытпаны құрайды», - делінген хабарламада.

Даму банкінің хабарлауынша, жаңа өндіріс тұрақты токқа ие төрт пештен тұрады. Олар техникалық сипаты мен инноациясы бойынша әлемде теңдессіз саналады. Өндірісті басқару, қалдықтарды пайдалану мәселесін шешу мен еңбекті қорғаудың ең заманауи әдістерін пайдалануды басқарудың жаңа автоматты жүйесі енгізілді.

Айта кету керек, жоба соңғы жылдары Қазақстанның тау-металлургия саласында іске асырылатын ең ірі жобалардың бірі. Сонымен қатар елдің жаңа өндірістік саясатының басым бағыттарының бірі. Жаңа ферроқорытпа зауытының пайдалануға берілуі қазақстандық ферроқорытпаны Батыс Еуропа, АҚШ, Қытай мен Жапония елдеріне экспорт көлемін арттырмақ.

«Қазақстанның Даму банкімен» келісімге қол қою – өз кезегінде маңызды шаралардың бірі. Аталмыш ынтымақтастық бірінші кезекте Қазақстанның ферроқорытпа саласына жаңа технологиялар трансфертіне бағытталған. Бұл «Қазхромның» бәсекеге қабілеттілігін арттырып, компанияның әлем бойынша көшбасшылығын нығайта түспек», - дейді «Қазхром» АҚ стратегиялық және инновациялық даму департаменті басшысы Мұрат Қоспанов.


Back to the list