31.10.2014
Форум жұмысына 300 аса өнеркәсіптер, инвестициялық компаниялар, мемлекеттік органдар, шетел елшіліктері, даму институттары мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумды өткізу орны ретінде Павлодар облысын таңдау тегін емес. Маңызды шарада таныстырылған 124 жоба Павлодар облысында берік қалыптасқан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларынан болып табылады.
«Бүгінгі таңда Павлодар облысы республикадағы ең индустриалды дамыған өңірлердің бірі болып табылады. Сіздер білетіндей, Елбасының бастамасымен елімізде шағын және орта бизнесті индустриаландыру, аталған бизнеске тікелей шетел инвестициясын тарту саясаты қолға алынды. Осы бағыттағы жұмысқа бүгінгі форум үлкен серпін береді деген ойдамыз. Бүгін Қазақстан Үкіметі бірқатар қаржы институттарымен, атап айтқанда Дүниежүзілік банк, Ислам даму банк және Азия даму банкімен бірқатар келісімдерге қол қойды. Келісімдер сомасы 12 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл қаражат бизнес пен инфрақұрылымды қолдауға жұмсалатын болады», - деді Ә.Исекешев.
«Инвестициялық жобалар туралы кеңірек баяндасақ, Павлодар облысы ұсынған 124 жобаның 28-і агроөнеркәсіп кешеніне, 11-і химия өнеркәсібі, 7-і энергетика, 8-і машина жасау, 3-і тау-кен саласы, 3-і құрылыс және туризм, 2-і мұнай өңдеу және 1 жоба фармацевтикалық өнеркәсіпке қатысты.Осы жобаларды іске асыру үшін қажетті қаражат көлемі 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайды. Жобалар ішінде шағын және ірі қаражат құюды көздейтін жобалар бар. Мәселен, ең аз инвестиция жұмсалатын жоба – қарағайдың «Шишкосушилка» тұқымын өндіруді ұйымдастыру. Талап етілетін инвестиция көлемі - 19,7 мың АҚШ доллары. Ал, ірі қаражат тартуды талап ететін жоба 503 млн. АҚШ доллары тұратын кальциленген сода өндіру жөніндегі зауыт құрылысы», - делінген хабарламада.