28.10.2014
«Маңызды шарада Павлодар өңірі әлеуеті мен мүмкіндіктері шетелдік инвесторларға кеңірек таныстырылады.Жобалардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өндіріс салаларына қатысты. Осы жобаларды іске асыру 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, химия өнеркәсібі бойынша мынадай 4 жоба ұсынылады. Олар: кальциленген сода өндіру зауытының құрылысы; кальций гипохлоритін, балқытқыш қышқылы және алюминий фторидін өндіру.
Шағын және орта бизнес бойынша мынадай 3 жоба ұсынылады: «Өндірістік-құрылыс компаниясын ашу», «Баянауыл ауданында лицензиясы бар аңшылықты, балық аулауды және тау туризмін ұйымдастыру», «Өңірлік технопарк ашу».
Жобалардың талап етілетін инвестициялық жалпы көлемі 1,7 млрд. АҚШ доллары тұрады.
Осы форумға Қазақстанмен ынтымақтастықта жұмыс жасайтын шекаралас өңірлер, ҚР-дағы Елшілік, бизнес қауымдастығы, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, ұлттық компаниялардың, Қазақстан Республикасы мен өзге елдердің ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері шақырылды.