20.10.2014
«Салалық тұрғыда тамақ өнеркәсібі көш басында, екінші орында құрылыс материалдардың өндірісі тұр. Сондай-ақ, бағдарлама аясында химия өнеркәсібі, машина жасау сынды салалар қаржыландырылды», - деді холдинг басшысы.
Оның айтуынша, 38,1 млрд теңгенің 172 жобасы немесе Ұлттық қордың 38 пайызы қаржыландырылды. Оның ішінде ұн, алкоголсіз ішімдік, нан-тоқаш өнімдері, етті консервілеу бар.
Айта кетейік, құрылыс материалдарын өндіру екінші орында тұр. Бұл салада 23 млрд теңгеге 90 жоба қаржыландырылды.
Ол жобалардың ішінде Ұлттық қордан қолдауға ие болған металлургия саласы, машина жасау, химия, ағаш өңдеу, текстильді өнеркәсіп, жиһаз шығару өндірісі.
Индира Қауметова
Суретті түсірген Азамат Әлиев