• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Almaty Invest-2014 форумы бойынша  560 млн доллардың меморандумы түзілді (Брифинг бейнебаяны) 17.10.2014

«Аталмыш форум Алматының инвестициялық тартымдылығын байқатты. Форум аясында 560 млн доллардың меморандумы түзілді. Оның ішінде ерекшеленген жобаларды айта кетсек, «Көк жайлау» тау-шаңғы курортының жобасы, дәрі көлігінің жобасы, қоқыс өңдейтін зауыт құрылысы, Алматы қаласында индустриялды аймақты құру жобасы», - деді Е. Шорманов.

Форумда жасалған меморандумға сәйкес,  «Байтерек» холдингі ескі үйлерді бұзып, олардың орнына жаңа үйлер салу жөніндегі Бағдарламаға 10 млрд. теңге инвестиция бөлмек. Бұдан өзге, холдингтің Алматыдағы еншілес ұйымдары кіші және орта бизнеске қолдау білдіретін болады, олар жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар еншілес ұйымдар мегаполистегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысады.

Оның айтуынша, меморандумның мақсаты - индустриалды-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды орындау, кіші және орта бизнесті қолдау, тұрғын үй салу, 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру.

Камила Амирова 


Back to the list