17.10.2014
«Франция біз үшін Еуропадағы стратегиялық әріптес. Мұны арадағы тауар айналымының көлемінен-ақ көруге болады. Біздің қолда бар мәлімет бойынша, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Франция Қазақстанға шамамен 3,5 млрд доллар инвестиция құйды. Франция Қазақстан экономикасына белсенді түрде инвестиция салып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Тоғыз жылда 10 млрд доллардан астам инвестиция салынды», - дейді Альберт Рау.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда әр саладағы француз капиталының қатысуымен 150-ден астам компания жұмыс істеуде. «Қазақстан мен Франция арасындағы белсенді ынтымақтастық саяси диалогтың биік деңгейге көтерілгенінің арқасында жүзеге асып отыр», - дейді вице-министр.
Сонымен қатар, А.Рау француз әріптестеріне экономикалық даму қорытындысы туралы айтты. «2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 5,2 пайызды құрады. Биыл да осындай өсім күтілуде. Мемелкеттің қарыздың көлемі еліміздің ЖІӨ-нің 12 пайызын құрайды. Екінші бесжылдық аясында 2015 жылдан бастап металлургия, мұнай өңдеу, машина секторының бірқатар салалары секілді негізгі салаларды дамыту жоспарлануда. Мұнда тек ірі компаниялар ғана емес, сонымен қатар шағын бизнесте де әр сала бойынша жұмыстар атқарылмақ», - дейді.
Камила Амирова