• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 2014 жылдың 9 айында 5,5 пайызға өсті 14.10.2014

«Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 9 айдың ішінде 4373,6 млрд теңгені құрады, ол 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айымен салыстырғанда 5,5 пайызға жоғары. Өндірістік өнім көлемі 14044,4 млрд теңгені құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмен», - деді ол.

Статистика комитеті төрағасының айтуынша, 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айында қысқамерзімді экономикалық индикатор 102,6 пайызды құрады. Индикатор есебі жеделдікті қамтамасыз ету үшін және базалық салалар бойынша индекс шығаруға негізделген: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда және байланыс, олар ЖІӨ-нің 67-68 пайызын құрап отыр.

Өз кезегінде, 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айында  ауыл шаруашылығының  жалпы өнім  көлемі 1695 млрд теңгені құрады, ол өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,5 пайызға жоғары.

Индира Қауметова


Back to the list