13.10.2014
Алдағы форумның лейтмотиві - Алматыны өңірдің қаржы орталығы ретінде дамытудың өзекті мәслелері талқылау. Қала құрылымдарының өкілдері, потенциалды инвесторлар инвестицияға не кедергі екендігін, Алматы жағдайында қай жобаны жүзеге асыруға болатындығын сөз етеді. Бұлардан өзге конференция аясында «жасыл экономиканы» енгізу,қала құрылымын дамыту, өндіріс қуатын арттыру және басқа да мәселелер қозғалады. Инновациялық стартап-жобалардың көрмесі өтеді.
Форум барысында кәсіпкерлер өзара тәжірибе алмасып, қаланың бизнес- қауымының біліктілігін жақсартудың жолдарын қарастырып, Алматыны одан әрі дамытудағы үздік инвестициялық жобаларды анықтайтын болады.
«AlmatyInvest 2014» форумының жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті мен Үкіметінің мүшелері, дипломатиялық корпус, отангық, жақын және алыс шетел сарашылары, бизнес құрылымдар өкілдері мен халықаралық ұйымдар басшылары қатысады.