12.10.2014
«KAZNEX INVEST» АҚ сингапурлық «JURONG Consultants» компаниясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының, атап айтқанда «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру бойынша роуд-шоу өткізуде.
Іс-шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «KAZNEX INVEST» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкілдері қатысуду.
Роуд-шоу шеңберінде кореялық инвесторларды Қазақстан Республикасының инвесторлармен жұмыс және біздің АЭА мүмкіндіктері жөніндегі жаңа бастамаларымен таныстыру, сондай-ақ Корея Республикасында ақпараттық технологиялар, инновациялар, электроника, ғылыми зерттеулер салаларында және өнеркәсіптің басқа да салаларында ұсынылған, кореялық және шетелдік ірі инвесторларды тарту жоспарланып отыр.